Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда үш баласымен бірге терезеден секіріп кеткен келіншектің күйеуімен @informburo_kz журналисті тілдесті. Оның есімі Нұрсұлтан Оразов.
- Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссызбын. Әйелім үйде бала-шағамен, мен базарда әртүрлі жұмыстар істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Ол кезде үйде емес едім. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. Біздің Алматыда тұрып жатқанымызға алты жыл болды.Отбасында бәрі жақсы болды, - деді ер адам.
Әйелі мен балаларын ертең Шымкентте жерлейді.
- Үй жалдап тұратынбыз. Жалақы аз. Ата-анам да жұмыссыз, олар Шымкентте тұрады. Білім алған жоқпын. Әлеуметтік көмек берген жоқ. Карантин болған кезде сұрағанбыз, бірақ бермеді. Әйелім барлық жерден әлеуметтік көмек сұраған. Көмектеспеді. Үш балам бар еді: кішісі 2 жаста, 5 жаста, 6 жаста. Қазір менің де өмір сүргім келмейді… - деп мойындады ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61