Bugin

Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Вакцина 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдерМинистр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін атап өтті.

- Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер, – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі. Сондай-ақ ол халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.

Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.