Қоғам

Түнде Шығыс Қазақстанда атыс-шабыс болды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында болған жаппай төбелестен видео тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz 

Tengrinews мәліметінше, Видео сол маңнан өтіп бара жатқан көлік ішінен түсірілген. Кадрдан сыртта бір топ адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Арасында «қашпа», «ат», «тоқта» деген сөздер мен қарудың дауысы естіледі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша 23 қарашада қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.