Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com22 қараша күні Алматыда үш баласы мен өзі тоғызыншы қабаттан құлап қайтыс болған Бақтыгүл Қыдырбаева бұрынырақта екі мәрте анафилактикалық шок алған екен. Оны марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаева 31 арнаға телефон арқылы берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Келіншегі мен үш баласының денесін мәйітханадан алып, ауылына шыққан марқұмның күйеуі әйелімен соңғы сөйлескенінде екеуара еш араздық болмағанын жеткізді. Келіншегінің атына рәсімделген үш бірдей несиеден де хабары бар екен. Бақтыгүл Қыдырбаева соңғы рет қазан айында ғана шағын несие ұйымынан 15 мың теңге несие рәсімдеген. Бірақ уақытында төлей алмаған. Үш немересі мен келінінен бір-ақ күнде айырылған Оразовтар отбасы сұхбат берді.
- Қайтыс болған келіншек пен оның әпкесі Жанар 22 қараша таңғы 10-ның кезінде ватсапта соңғы хаты. Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, содан кейін Бақтыгүл телефонын көтермеген. Көңіл күйі жақсы еді, бірнеше күн бұрын кенжесіне 20 мың теңгеге комбинезон сатып алғанының суретін жіберген, үлкен қызының мақтау қағазын көрсетіп қуанған, не болғанын өзіміз де түсінбей жатырмыз, - деді Жанар.
Әпкесі сіңлісінің денсаулығына байланысты екі мәрте анафилактикалық шок алғанын айтты.
– Анафилактикалық шок алған сестренкам екі рет. Аллергиясы болатын. Бірақ неуточненный, неге екені белгісіз. Последний екі ай бұрын, преднизолон салып, әрең ап қалған - деді Марқұм Б.Қыдырбаеваның әпкесі Жанар Қыдырбаева.
Кеше екі қызы мен ұлының, келіншегінің денесін мәйітханадан алып, ауылына жолға шыққан Нұрсұлтан Оразов телефон арқылы сұхбат берген. Полиция таратқан ақпаратты марқұмның күйеуі жоққа шығарды. Ерлі-зайыптылардың арасында ешқандай араздық болмағанын, бірақ соңғы күні жұмыс мәселесімен шығып, үйде қонбағанын айтты.
– Алматыда болдым. Жұмыстың мәселесімен шығып кеткенмін. Бір күн бұрын шығып кеттім. Жұмыс мәселесімен. Соңғы рет күндегі үйдегі әңгіме, тіршілік туралы сөйлестік - деді Марқұм Б.Қыдырбаеваның күйеуі Нұрсұлтан Оразов.
Бақтыгүл Қыдырбаеваның атына үш мәрте несие рәсімделіпті. Екеуіне қатысты уақытылы төлей алмағандықтан, ісі сот орындаушыларының қарауында. Соңғы рет қазан айының соңында 15 мың теңге несие алыпты. Бірақ ол қаражатты да уақытында төлей алмаған. Нұрсұлтан Оразов келіншегінің несиелерінен хабардар, бірге алған. Жұмыс бірде бар, бірде жоқ, шамама қарай төлеп жүрген. Марқұмның әпкесі, жәрдемақы алуға бірнеше мәрте құжат өткізіп, рәсімдей алмағанын айтқан болатын. Ал, Нұрсұлтанның туыстары жас отбасының қаражаттан қысылғанынан хабарсызбыз дейді. Бір-ақ күнде үш немересі мен келінінен айырылған Бауыржан Оразов та дәл осындай әрекетке баратындай денсаулығында кінәрат жоқ еді, қаражаттан қысылатындай емес, тек кредитке телевизор алған, - дейді. Ол бауыр еті балалаларынан, әйелінен бір- ақ күнде көз жазып қалған ұлының жағдайына алаңдаулы.
– Папа, төртеуі де жоқ. Маған өмір сүрудің қажеті жоқ, қайтіп өмір сүремін дейді. Келінім алтын адам еді. Факт что баламның үйде болмағаны. Бауыржан Оразов, келіні мен ұлы, немерелерімен 20 қараша күні ұлының туған күнінде телефонмен бейнеқоңырау арқылы тілдескен. Ал, қайғылы жағдай болған күні Нұрсұлтаннан кейінгі ұлдарым көрген. Олар сол үйде тұрып жатқан, жұмысқа кетерінде келін мен немерелері ұйықтап жатқан екен - дейді Марқұм Б.Қыдырбаеваның қайын атасы Бауыржан Оразов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61