Қоғам
Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8-қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 ж. – жекеменшік компанияның экономисі.
1994 ж. – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 ж. тамызынан – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
2000 ж. наурызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 ж. қаңтарынан - «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 ж. мамырынан - «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
2003 ж. наурызынан – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007 ж. тамызынан - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.
2009 ж. 30 қарашадан – Жамбыл облысының әкімі.
2013 ж. желтоқсаннан – Павлодар облысының әкімі.
25.03.2016 жылдан бастап – Қазақстан энергетика министрі қызметін атқарған.