Қоғам

Үкімет: «Азық-түлік қымбаттамағанына үш апта болды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет азық-түлік қымбаттамағанына үш апта болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Онда еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және жанар-жағармай материалдарының бағаларын реттеу мәселелері қаралды. Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0 пайызға тең. Қабылданған шаралар есебінен үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8 пайыз), пияз (-0,7 пайыз), макарон өнімі (рожки), күріш және картоп (-0,2 пайыз) арзандаған. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.

Премьер-министр министрлер мен әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мен төмендетуді, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5 пайыз шегінде ұстап тұруды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61