Bugin

Әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес,  әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды. 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан бөлек Мақсұт Пернебайұлы әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысын аралап көрді. 

Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр.