Қоғам

Алматы қоғамдық көліктерінде жолақы қымбаттауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов қоғамдық көлікте жолақы қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Біз жалпы бар мәселені айтып отырмыз. Тарифті көтеру керек. Қазір 80 теңге. Егер біз тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл сұрақ өте өзекті. Себебі тасымалдаушылар маған тарифтерді қашан көтеретініміз туралы жиі сұрайды. Көктемде бұл мәселеге қоғамдық талқылаулардан кейін ораламыз деп ойлаймын. Келісімсіз баға көтерілмейді» - деді Құсайынов брифингте.

Қазіргі таңда Алматыда 2400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1715 дизельді автобус.