Bugin

Әзірбайжан президенті түркілерді біріктіру үшін қазақ тілін таңдауды ұсынды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілерде Әзірбайжан президенті күллі түріктердің басын біріктіру үшін қазақ тілін таңдауды ұсынғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Негізінде Түркілер арасындағы негізгі тіл туралы болжамды қазақтың шығыстанушы ғалымы айтқан. Бұл туралы Bugin.kz порталы Total.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарламада біріншіден, бұл ұсыныс Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиевтен түскені айтылған. Ал Гейдар Әлиев Әзірбайжанның бұрынғы президенті, қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің марқұм әкесі. Хабарламаға қоса берілген фотосурет соңғысын көрсетеді.

Екіншіден, бұл хабарламаның өзі Бакуде түркі әлемінің мәдени интеграциясына арналған конференцияның қалай өткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдардан кейін пайда болды. Оған қатысушылар түркі халықтарына ортақ тіл, әліпби, тарих, әдебиет жасауды ұсынды. Түрік тілі түркі халықтарына ортақ тіл ретінде ұсынылды.

- Түрік тілі қазірдің өзінде түркі халықтарының ортақ тіліне айналды. Бұған осы тілде сөйлейтін халықтың көп болуы, сондай-ақ дүние жүзіндегі көптеген түрік мектептерінің жұмыс істеуі ықпал етеді, - деді Әзірбайжан Парламенті Мәдениет комитетінің төрағасы, Бакудегі Ататүрік орталығының төрағасы Низами Джафаров. 

Бірақ қазақ тілі түркі халықтарының ортақ тіліне айналуы мүмкін деген пікірді немесе ұсынысты қазақтың шығыстанушы ғалымы, саясаттанушы Расул Жұмалы айтты.

- Қазақ тілінде ең көп төл түркі түбірлері бар, ал араб, парсы және еуропалық тілдерден енген сөздер ең аз. Мұндай мәртебеге қазақ әбден лайық деп ойлаймын, - деді Расул Жұмалы.

Демек, Әзірбайжан президенті күллі түркілерді біріктіру үшін қазақ тілін таңдауды ұсынды деген хабар бұрмаланған ақпарат.