Қоғам

Арон Атабектің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы Арон Атабектің неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіні сілтеме жасап.

Бұған дейіін Арон Атабектің асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтауынан көз жұмғаны айтылған. 

«Ағымдағы жылдың 5 қазанында дәрігерлік бригаданың тексеруінен және КТ растауынан кейін А. Едыгеевке «Аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция» диагнозы қойылды. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Содан кейін жекеменшік емдеу мекемесінде ем алған. Оның №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен бас тартқаны туралы құжаттық негіздеме бар. 

Бұдан соң А. Едігеев ағымдағы жылдың 14 қазан күні  «МККО» ЖШС жансақтау бөліміне «Өте ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы» диагнозымен ауыр халде түсті. «МККО» ЖШС клиникасына түскен сәттен бастап А.Едігеев қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы емдеу бригадасымен тұрақты байланыста болды, қажетті консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді», – деді басқарманың баспасөз қызметі.