Bugin

Діни экстремизмнің алдын алу шаралары өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Орта Азиялық медициналық колледжінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында студенттермен кездесу өтті. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Кездесу барысында Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкері және Дін мәселелерінің зерттеу орталығының теолог маманы, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары студенттерге діни экстремизим және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша баяндама оқыды.

Студенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында қазіргі кездегі діни ахуал туралы студенттердің пікірлері сұралды және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан толықтай жауап берілді.