Қоғам

Алматы метросы «Алтын Ордаға» дейін созылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы метросы енді «Алтын Орда» базарына дейін созылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. 

«Енді метрополитен жолағы Қалқаман елді мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. Қосымша екі станция салынып, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді әкімдік өкілі.