Bugin

Қазақстандық пранкерлер Мәскеуде бас бостандығынан айырылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеуде таксиге пранк жасаған қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды. Сот үкімі шыққанда айыпталушылардың жақындары жылап жіберді. Қыздардың реакциясы түсірілген видеоны SHOT Тelegram-арнасы жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- "Жаным, бәрі жақсы болады, сенші, жарай ма? Мен сені қатты жақсы көремін, күтемін. Бәрі жақсы болады. Бекем бол", - дейді қыздар жігіттеріне.

Айта кетейік, 25 қарашада Мәскеуде сот қазақстандық блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды таксиді айдап әкетуге қатысты пранк жасағаны үшін бас бостандығынан айырды.

2021 жылғы наурызда жастар "Москва-Сити" сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырыс берілген орынға келген. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырған, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған.

Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша пранк жасағанын түсіндірген. Сол күні қазақстандықтар ұсталды, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.