Қоғам

Жалдамалы пәтердегі 23 жастағы қыздың өліміне күдікті әйел ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жалдамалы пәтерде 23 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген 1990 жылы туған әйел ұсталды.

Ол Түркістан облысының тұрғыны.

«Отырар» порталының хабарлауынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 25 қарашаға қараған түні Шымкент орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақталған 23 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Оқиға орнына келген дәрігерлер мәйіт пәтерде бір тәулікке жуық жатқанын анықтады.