Woman

Бүгінгі қазақ қызы қандай? Ал сіз ше?

Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ xалқы қыз - болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілдер тола бермейді.

Әлеуметтік желі болсын, қазіргі қоғамда болсын жиі талқылатын мәселенің бірі- қыз тәрбиесі. Киім киісінен бастап, сөйлеуі, іс-әрекеті, тамақ дайындауы сынды қызметтері талқыға түсіп жатады. Өйткені, қыз тәрбиесіне немқұрайлы қарай алмайтын қасиет қазақтың қаңына сіңген. 

Қазақтың салт- дәстүрін зерттеп жүрген этнограф Зейнеп Аxметова берген сұxбатында үнемі қыз тәрбиесі жайлы мынандай пікір айтады:

"Біз қыз тәрбиесінінің тізгінін босатып алдық. Бұл – шындық. Бұған қыздарымыздың қалай болса солай киініп, кіндігін көрсетіп жүргені дәлел. Жас қыздардың көшеде ашықтан ашық темекі шегіп, сыра ішіп жүргендерін көріп жүрсек те, мән бермеуге айналдық. Олардың ертеңгі ана екенін естен шығарып жүрміз. Ал біздің ата-бабамыз балалық дәурені өтісімен-ақ қызға дұрыс тәрбие беруді қолға алған. Қыз – аз күнгі қонақ. Сондықтан да күні ертең келін болып түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын ала ойлаған".

Қазақ қызын еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Ата-ана қызынан ешнәрсені аямай, оның мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі.

Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. "Қызды қымтап ұстаған ұялмайды" дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта ұмытпаған. Содан да болар, "қыз бен жылқы жаудыкі" деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қараған.

Ал ұзататын кезде қызының некесін үйден қиып жіберген. 

Зейнеп Ахметова бір сөзінде "Өз басым, ылғи да жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі керек екенін, көрсетуі керек екенін айтып келемін. Ал бұдан шығатын корытынды – қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады. Келін өнегелі болса, ана парасатты болады. Ана парасатты болса, әже данышпан болады. Өмір осылай жалғасады" деген болатын.

Қазақ әйелі басына түскен кез келген ауыртпалықты қасқайып тұрып қарсы алып, балаларын бағу үшін қандай жұмысты болсын атқарауға әзір екені шындық.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 2 курс студентті Құрышбекова Жанила

Оқытушы Майкотова Ғалия Тлеубергенқызы