Әлем

Кузбасстағы жарылыстан 52 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдегі Кемер облысы «Листвяжная» кенішіндегі жарылыс құрбандарының саны 52-ге жетті. Олардың алтауы құтқарушылар. Соңғы деректерге сәйкес 51 адам зардап шеккен, 38 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Lenta.ru басылымының мәліметінше, алдын ала деректер бойынша төтенше жағдайға метан жарылысы себеп болуы мүмкін. Жұмысшылар жарақат алғандықтан өз беттерінше жер бетіне шыға алмаған. Екінші дерекке сүйенсек, көмір шаңының жануынан өрт басталған. Желдету шахтасынан басталған өрт түтіні кеніш ішіне тарап кеткен.