Шымкентте жедел жәрдем алып кеткен оқушы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігі алып кеткен 7 сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Орын алған оқиға туралы Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Бала 19 қарашада дене шынықтыру сабағыннан өзін жайсыз сезінген. Ол оқыған мектеп директорының айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді жеке кабинетке апарып, оның жағдайы туралы мектептің медицина қызметкеріне хабарлаған. Дәрігер қарап, жедел жәрдем шақырған. Баланың анасына оқиға туралы дереу хабар берілген.

- «Жедел жәрдем баланы ауруханаға апарған. Бала жан сақтау бөліміне түскен. 20 қарашада анасына қоңырау шалғанда ол баласының қайтыс болғанын хабарлады», - делінген ақпарат көзінде.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатының» 7 сынып оқушысы жансақтау бөлімінде «өткір жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі» диагнозымен көз жұмған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61