Спорт

Головкин карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Yahoo! Japan басылымына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.

Vesti.kz мәліметінше қазақстандық былғары қолғап шебереі журналистің «Келесі жылы 40 жасқа толасыз. Карьераңызды аяқтаған соң немен айналысарыңызды ойладыңыз ба?» деген сұрағына былайша жауап берді:

- Қазіргі таңда өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой боксшымын, сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Мүмкін ол жаңа бірдеңенің бастауы болар. «Нағыз өмір 40 жаста басталады» деген сөз бар ғой. Сондықтан көп іс тындыруға болады. Ең бірінші отбасымның ортасында өмірден ләззат аламын. Әке болғандықтан қарбалас күндер де болуы ықтимал.