Bugin
Абай ауданында бүгінгі таңға дейін әкімдіктің ұйымдастыруымен көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Көп қабатты 411 үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде көп қабатты 325 үйде жай серіктестік және көп қабатты 61 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Қалған көп қабатты 67 үй 1 және 2 қабатты болуына байланысты мүлік иелерінің бірлестігіне және жай серіктестікке тіркелуге жатпайды.
Әл-Фараби ауданында көп қабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 545 жиналыс ұйымдастырылды. 53 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді.
Ал 358 үйде жай серіктестік құрылды. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша көп қабатты 33 үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.
Қазіргі уақытта Еңбекші ауданындағы көп қабатты 630 үйдің 16-нан мүлік иелерінің бірлестігі, 403-нен жай серіктестік түріндегі келісімі және 47-нен бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, жалпы 565 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қарашаның 18-25 жұлдызы аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан көп қабатты 25 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға хаттамалар берілді.
Қаратау ауданы аумағында мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестік туралы түсіндіру бойынша тұрғындармен 102 кездесу, 25 онлайн жиналыс өткізілді. Бүгінге дейін ауданда 10 МИБ және 312 ЖС құрылған. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қалған көп қабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.