Bugin

Арон Атабектің өмірінің соңғы күндері қалай өтті? - дәрігері мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арон Атабек емделген «Медициналық көмек орталығы» ЖШС оның өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Біз дәрігерлердің мәлімдемесін сол күйінше беріп отырмыз.

«А.Едігеевтің қайтыс болуына байланысты «ЦМП» ЖШС келесіні хабарлайды:

- «Науқас Едыгеев А., 1953 ж.туған. Ағымдағы жылдың 14 қазанында таңертең «ЦМП» ЖШС жансақтау бөліміне түскен, жағдайы ауыр болды. Науқастан аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы анықталған. Ағымдағы жылдың 5 қазанындағы КТ негізінде өкпенің екі жақты зақымдануы 40% болған. Қабылдау кезінде сатурациясы 79% болса, оттегін қосқаннан кейін оның көрсеткіші 93-96%-ға дейін көтерілді.

Науқасқа 5-14 қазан аралығында үй жағдайында жасалған ем Қазақстанда қабылданған COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасын бұзып, жүргізілгенін көрсетті. Бұл «ЦМП» ЖШС қабылдау кезінде алынған сынақтардың нәтижелерімен расталады: лейкоцитоз және С-реактивті протеиннің жоғарылауы (қабыну процесі), цитолиз (бауыр жасушаларының бұзылуы), D-dimer (қанның ұюы) және т.б.

СOVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасына сәйкес құрсақ қуысының, жүректің, аяқ-қол қантамырларының ультрадыбыстық зерттеуін, ЭКГ-ны жүргізу қажет. Алайда науқас А.Едігеев бұл диагностикалық шаралардан бас тартты, сондай-ақ емдік шараларды тағайындауды қаламады. Бұл туралы оның жақын туыстарына хабардар етілді. Осыған байланысты науқастың жағдайы тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі, энцефалопатия (ми қызметінің бұзылуы) көріністерімен тез нашарлай бастады.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында кешкісін науқастың жағдайы нашарлай бастады: оның тыныс алу мен жүрек соғу жиілігі күрт төмендеді, десатурация 48% -ға дейін түсіп, науқас комаға кетті. Осыған байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Осы жайтқа байланысты емхананың бас дәрігері, реаниматологтар, профессорлар, невропатологтар, инфекционисттер, пульмонологтар, кардиологтар құрамында қайталама кеңес өткізілді.

Консультацияның мақсаты — науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, оған ем жасаудың тактикасын шешу».