Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырау облысындағы Құлсары қаласындағы 25 жастағы жігіт 35 жастағы әйелді пышақтап өлтірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаскүнем әйелге бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды.
— 25 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол — Жылыой ауданының тұрғыны. Сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары басталды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қанды оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал өлген әйелдің артында 7 баласы қалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61