Қоғам

2022 жылы аналардың жәрдемақысы мен жөргекпұлы қанша болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 2022 жылы АЕК мөлшері 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты қазақстандық аналардың жәрдемақысы мен жөргекпұл мөлшері де артпақ.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы – бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге;

  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы - бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді.

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;

  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;

  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;

  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Ол былай есептеледі: соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.

 

Дереккөз: Sputnik.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61