Спорт
11 жастағы қазақстандық гимнаст Бакуде өткен әлем чемпионатында үздік атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ислам Қабдоллов тамбллингтен алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандық Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка гимнасттарынан мықты болып шықты.
Ислам Қабдоллов Оралда туып өскен. Ол батут гимнастикасынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі.