Қоғам

2022 жылы көпбалалы аналарға қанша жәрдемақы төленеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты 2022 жылы көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де артпақ.

2020 жылдың қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.

2022 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге; 

  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;

  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;

  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;

  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.

 

Дереккөз: sputnik.kz