Экономика
Қаржыңызды қайда және қалай сақтау керек?
Ақша жастығыңыздың астында сақтасаңыз да өз еркіңізде. Бірақ, ақшаны қайда және қалай сақтау керек екенін білгеніңіз абзал.
Ақшаны ҮЙДЕ сақтаудың тиімсіз жақтары:
1. Үйде тұрған ақша сізге жұмыс жасамайды, демек ол ақша инфляцияға ұшырап, құнсыздану қаупі туындайды.
2. Копилкада ақша сақтау иесіне пайда әкелмейді.
3. Көрпе астында тығылған қаржыңызды ұрлап кету қаупі бар. Әп-сәтте жинаған ақшаңыздан айрылып қалуыңыз бек мүмкін.
4. Көз алдында тұрған ақшаңызды болмашы нәрселерге жұмсап қойып, артынан өкінетін кезеңдерде болады.
БАНКТЕ сақтаудың артықшылықтары:
1. Сіздің салған қаржыңыз ай сайын, маусым сайын, жыл сайын түсетін пайыздар есебінен арта түседі.
2. Алынған пайызды негізгі суммаңызға қосып, тағы үстінен пайда көруге болады. Мұны банк тілінде "капитализация" деп атайды.
3. Банк тоналған күннің өзінде сіз қаржыңызды жоғалтпайсыз. Өйткені, сіз келісімшартқа отырған кезде, кредит беретін ұйым сіздің қаржыңыздың жоғалып кетпеуіне кепіл болады.
4. Егерде банк банкротқа ұшыраған жағдайда, мемлекет сізді сақтандыру жүйесі арқылы қаржыңызды қайтарып береді. ( 5 000 000 тг дейін)
5. Ақшаңыз керек болған кез келген жағдайда Счетыңыздағы қаржыны оңай ала аласыз.
6. Несие алу керек болған жағдайда, сіздің қаржыңыз сақталған банкке жүгінетін болсаңыз, онда сізге бірнеше жеңілдіктер қарастырылады.
Осы мысалдарға жүгіне отырып, ақшаңызды банкке сақтағаныңыз абзал. Банктегі ақша сізге жұмыс жасайды. Енді іске кірісіңіз. Ақшаңыз болса банкке барыңыз, копилкаңыз болса оны балаларға беріңіз.