COVID-19

Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ревакцинация иммундық жүйені нығайтады. Бірақ оның қанша уақытқа созылатынын нақты білмейміз. Бәлкім, жыл сайын қайталау керек шығар» – деді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерінде жарияланған сұхбатында

Тасс агенттігінің мәліметінше, монтгомери, егер азаматтар уақтылы ревакцинациядан өтпесе, жарамдылық мерзімі белгілі бір уақытта аяқталатын вакцинация сертификаттарын қолдады.

Германияда өткен жылдың желтоқсан айында коронавирусқа қарсы алғашқы екпе жасалды. Оларды алған азаматтардың әлі де жарамды куәліктері бар.