Қоғам

Қысқы дөңгелек болмаса жүргізушілерге қанша айыппұл салынады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Автокөліктер 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы дөңгелекпен жүруі керек.

BAQ.kz мәліметінше, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 585 теңге. 

Полиция сонымен қатар жүргізушілерге қысқы жүргізу стиліне көшу керек деп хабарлады. 

«Жол жамылғысының жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты сақтап, қауіпті маневрлерден бас тартып, кенеттен тежелуден аулақ болу керек. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде абай болу керек» - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.