Bugin

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Абай ауданында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жоспарға сәйкес, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» қорының облыстық филиалы «Көмек» оңалту орталығында, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізілді.

Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы таныстыру.

Зардап шеккен азаматшалармен жеке сұхбат жүргізіліп, жергілікті полиция инспекторлары заңгерлік-құқық жөнінде түсіндірсе, психолог мамандар тарапанына қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінің  тарапынан әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға азық-түлік себеттері табыс етілді.