Әлем
2022 жылдан бастап Орталық Африка Республикасының (ОАР) университеттерінде орыс тілі міндетті пән болады. Мұндай бұйрыққа ел президенті Фаустин-Арранж Туадера қол қойды, деп хабарлайды Corbeau News Centrafrique және Ecofin агенттігі.
Олардың айтуынша, 2022-2023 оқу жылынан бастап магистратураға орыс тілі енгізіледі. Қазіргі уақытта оқу бағдарламалары әзірленуде. 2022 жылдың қаңтарында ОАР білім министрі ресейлік әріптесімен кездесу үшін Мәскеуге ұшып баруды жоспарлап отыр. Олар ОАР-ға орыс тілі мұғалімдерін жіберу мәселесін талқылауы керек.
«Бұл бастама Орталық Африка Республикасы мен Ресей арасындағы тұрақты ынтымақтастықтың бір бөлігі», - деп жазады Agence Ecofin.
Қазір ОАР университеттерінде француз, испан және қытай тілдері оқытылады.