Bugin

Түрмедегі камераласының етін бөлшектеп, пісіріп жеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Заң» газетінің 20 сәуір 1996 жылғы санында шыққан мәлімет бойынша түрмеде жазасын өтеп жатқан төртеу камераласын жеп қойған.

Кейіннен оларға ату жазасы үкімі шығарылған. 1994 жылы Семей өңірінде aуыр қылмыс жасау фактісі көбейіп, оның ішінде қасақана кіci өлтіру жағдайы көптеген әулеттердің қабырғасьн қайыстырып кеткені сөзсіз. Олардың aрасында естігенде жағасын ұстайтындай ауыр қылмыстар да жасалған. Сондай сұмдық оқиға түрмеде ауыр қылмыспен мерзімін өтеп жатқан төртеу тарапынан істеліп, олар жазасын өтеуге келген адамды өз камераларында өлтіріп eтін белшектеп, шай қайнатқышқа caлып пicipiп жеген, осы қылмыстары үшін төртеуі де ату жазасына кесiлген.  

Coл жылы облыс бойынша cот органдары 12 адамға ату жазасын беру туралы үкім шығарылған. Ал, 1995 жылғы жағдай қандай? Екі қылмыскерге ең жоғарғы үкім кесілген, оны Жоғарғы Сот та өзгеріссіз қалдырған. Сол жылдары баспасөзден Оралда Ефремов, Гапанов деген қанішерлердің бес адамды қасақана өлтіргендігі туралы ақпарат тараған. Бірақ, сот орындары осы екі қаyiпті қылмыскерге бар болғаны он жылдан ғана жазасын өтеу мерзімін белгілеген. Сонда бес адамның өмірін қиған екі қанішер қалай ғана өмір сүруге тиісті. 

Жаллы қауіпті қылмыскерлерді жазалауды ел көзінше ашық жүргізген дұрыс шығар. Сонда оның өзгелерге ой caлaры сөзсіз. 

Дереккөз: «Заң» газеті, 6 бет, 20.04.1996 ж.