Bugin

Министрлік ҚазҰУ ректорының кітабын 26,9 миллион теңгеге шығарып бермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәдениет және спорт министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың кітабын 26,9 миллион теңгеге шығарып бермек. Бұл ақпаратты тележурналист Серік Абас-шах Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

- Жап-жаңалық:  ҚазҰУ-дің шапанқұмар ректоры Жансейіт Түймебаевтың кітабын Мәдениет және спорт министрлігі 26,9 миллион теңгеге шығарып бермекші деседі. 

АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ: 

Салық төлеушілердің ақшасы арқылы шығайын деп жатқан шапанқұмар ректордың кітабы неге қымбатқа түсуде?

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ: 

1. Өзінен төмендердің шапанын жамылып жүргендер өзінен жоғары тұрғандарға шапан жабу арқылы өз еңбегін ерекше құндыландыра алады, 

2. Отыз жылдықты сылтауратып, өзін-өзі қатты жақсы көретін мадақсүйгіш кісіні қатты-қатты мақтаған кітаптың өзіндік құны жұрттыкінен жоғары болу(ы) керек, 

3. КазГу-дің (ҚазҰУ-нің) талан-таражға түсіп жатқан жерлеріне көз жұма қараған шапанқұмар ректорға мемлекеттің 26,9 миллион теңгесі “не жалко”. 

4. … сіздің нұсқаңыз? - деп жазды Серік Абас-шах.