Қоғам

Мобильді аударымдар: Kaspi көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Банк мобильді аударымдар туралы заң жобасына қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Orda.kz мәліметінше, сенат депутаттары Салық кодексіне түзетулерді қабылдады. Жоба аясында Қазақстан мобильді трансферттерге салық салуды көздеп отыр.

Заң жобасына төмендегідей ұсыныстар жасалған:

«Мобильді төлемдер» түсінігін анықтау;

мобильді төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде онлайн бақылау-кассалық машиналарды пайдалануды заңдастыру;

кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу үшін бөлек шоттарды пайдалануға міндеттеу.

Қаржы министрлігінің айтуынша, бұл жеке тұлғалардың жеке аударымдарын бизнес мақсатында жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден бөлуге мүмкіндік береді.

1. Мен жеке тұлғамын. Менің мобильді аударымдарым туралы деректер салық басқармасына жіберіле ме?

Жоқ. Банк құпиясының талаптарына сәйкес, сіздің аударымдарыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсаттарыңыз үшін аударымдарды жасай аласыз. Жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңімен енгізу туралы заңға сәйкес, кәсіпкерлік қызмет белгілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап беру жоспарлануда. 2025 жылға дейін жеке кәсіпкер және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

2. Мобильді аударымдарға шектеулер немесе салықтар бола ма?

Жоқ. Жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Заң жобасында жаңа салықтар немесе аударымдар бойынша шектеулер қарастырылмаған.

3. Кәсіпкер клиенттерден мобильді аударымдарды алса, олар үшін жоғары салық төлеуі керек пе?

Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтар қарастырылмаған. Мобильді аударымдарды іскерлік мақсатта пайдалану әлі де болса сатушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу және фискалдық түбіртектерді беру жөніндегі міндеттемелерінен босатпайды.

4. Мен жеке кәсіпкермін не компания басшысымын. Менің мобильді аударымдарым туралы деректер салық басқармасына жіберіле ме?

Жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңімен енгізуге сәйкес 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлерге немесе компания директорларына тиесілі шоттарда кәсіпкерлік қызмет белгілерінің болуы туралы ақпаратты беру жоспарлануда.

5. Бұл заң не туралы?

Заң жобасы жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға қолданылмайды. Мобильді төлемдер түсінігін және жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет үшін арнайы жасалған шоттары бойынша тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді қабылдау міндетін енгізу көзделуде. Мысалы, тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасауға Kaspi Pay және Kaspi QR мобильді қосымшаларын қолдана алады.