Bugin

Давид Дегтярев пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазақстандық, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев Тбилисиде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта бірінші орын алды. Ол 178 келі салмақтағы штанганы көтерді.

Екінші орынды Қытай спортшысы Ян Цзинлан (172 келі) және үшінші орынды Мысыр спортшысы Абделмаджид Таха (161 келі) иеленді.

- Мен жаттықтырушыға, отбасына, достарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетіне және барша Қазақстан халқына мені қолдап, сенім білдіргені үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді чемпион.

Айта кетейік, бұл чемпионатқа әлемнің 68 елінен 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстанның намысын 26 паралимпиадашы қорғайды, оның ішінде пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына алты спортшы қатысуда.