Bugin
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балалар ауруханасы «Nanoduct» жаңа аппаратымен жабдықталды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Nanoduct» құрылығысы - жүйесінің миниатюралық компоненттері арқылы нәрестелерге оңай сәйкес келеді. Бұл тек нәрестелер үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген жастағы пациенттер үшін процедураны жеңілдететін толықтай интеграцияланған диагностикалық жүйе болып табылады.
Жаңа құрал көмегімен қалалық дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердегі муковисцидоз(тұқым қуалайтын) ауруын тез анықтайды және уақытылы ем-дом жасай алады.
Айта кетейік, осыған дейін бұл ауру түрін жергілікті дәрігерлер Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама беру бойынша анықтаған.