Bugin
"Тәуелсіздік ұрпағы" және "Жас волонтер" жобалары аясында марапаттау кеші өтті.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай және Тұңғыш Президент күніне арналған "Тәуелсіздік ұрпағы" жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастары мен тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен бірқатар жастарды, және "Жас волонтер" жобасы аясында жеңімпаз атанған волонтерлік топтарды марапаттау рәсімі өтті.
Шараның мақсаты жетістікке жеткен жастардың рухын көтеру, оларды қалың көпшілікке таныстыру, Тәуелсіздік жылдарындағы елдің дамуына қосқан үлестері үшін марапаттау болып отыр.
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы және Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Айтбаев Ерлан Садырбайұлы арнай құттықтап, "Тәуелсіздік ұрпағы" жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастары мен тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен 30 жасқа алғыс хат ұсынып, "Жас волонтер" жобасы аясында жеңімпаз атанған «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық ұйымы және «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASAA» жастар қоғамдық бірлестіктеріне арнайы 1 млн теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.
Жалпы іс-шара қаламыздағы бірқатар жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары мен волонтерлік ұйымдардың мүшелеріне арнап концерттік номерлермен жалғасын тапты.