Bugin
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орталық Азия Инновациялық Университетінің, Академик Мардан Сапарбаев институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Асанбай Асқаров атындағы Дендро саябақта вело шеру ұйымдастырылды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Іс-шара 24.KZ телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Шеру Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының сөзімен бастау алып, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлының вело шеру қатысушыларын 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, мерекенің маңызына тоқталуымен жалғасты.
Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған вело шерудің мақсаты тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Вело шеруге қала тұрғындары мен студент жастар (қоса алғанда 100-ден аса адам) қатысты. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықта вело жолақты жүріп өтті.
Іс-шарада велосипед спортынан қаланың жетекші спортшылары мен жаттықтырушылары шеберлік сабақтарын көрсетіп, қауіпсіздік шараларына тоқталды.