Білім министрі: «Мектепте жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде балалар ертеңгілігін өткізуге қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ: олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитаия дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады», - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.