Bugin

Шымкентте түнгі рейдтік іс-шара өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық әкім аппараты мамандары мен АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары бірлесіп аудан аумағында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Іс-шара нәтижесіне сәйкес, түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрген 12 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Айта кетейік, құқық бұзушылық бойынша ұсталған жағдайда кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала түнгі 22:00-ден ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Ал үй жағдайынан тыс 23:00-ден 06:00-ге дейін ұсталса, бірінші рет ескерту жасалады. Бірақ тәртіп сақшыларының көзіне қайтадан түссе 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.