Bugin

Айсұлтанның алғашқы көркем фильмі жарық көрмек (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қаш" деп аталатын фильм биыл түсірілді. Айсұлтан мен Qara студиясының шығармашылық тобы кинотуындының түсірілімі басталмас бұрын ұзақ уақыт дайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Thesteppe агенттігінің мәліметінше, аталған фильмнің сюжеттік желісі мен жанры әзірге белгісіз. Көркем фильм көрерменге қазақ тілінде көрсетіледі.

- Сіздердің назарларыңызға ұсынуға асықпын. Осындай дайындықтың нәтижесін көрсеткім-ақ келеді. Маған қолдау көрсеткен жақындарыма, достарыма, командама алғыс айтамын. Әрбіріңізді бағалаймын. Қобалжып жүрмін. 2022 жыл, біздің қолымыздан келеді, — деп жазды Айсұлтан өзінің Instagram парақшасында.

"Қаш" көркем фильмінің сценарийімен жұмыс істеген Аблай Нұрманбетов үшін де бұл алғашқы толық метражды туынды. Басты рөлді сомдау қазақстандық актер Еркебұлан Дайыровқа бұйырыпты. Сонымен қатар, фильмде ресейлік актерлер Варвара Шмыкова мен Александр Паль да бой көрсетеді.