Қоғам

Президент 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшерін бекітті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорда сайтында заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- ең төменгі жалақы 60 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;

- ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.