Bugin
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, №1 қалалық клиникалық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов жаңа аппараттың жеке инвестордың қолдауымен алынғанын және АҚШ-тан әкелінген бұл аппараттың инсульт алған науқастардың диагнозын уақытылы анықтауға мүмкіндігі зор екенін жеткізді.
Сондай-ақ, дененің барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.
Бұндай заманауи құрылғымен қаламыздың 22 емханасы жабдықталған.