Білім және ғылым

Тоқаев грант ақшасын студенттің өзіне беруді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грант ақшасын студенттің өзіне беруді ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс. Яғни, студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл – қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсауы керек», — деді Президент

Оның айтуынша, бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді.

Бұған қоса білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады.

Президент үкіметке бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61