Спорт
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ESPN мәліметтері бойынша, Жапонияда COVID-19-ға байланыс енгізілген жаңа шектеулерге сәйкес шетелдіктерге кіруге тыйым салынады. Бұл шаралар "омикрон" штамының таралуына қарсы күресу үшін қабылданған.
Ресми тұлғалар Жапония үкіметінен Головкинге қатысты басымдық алуға үміттенген, бірақ келісімге қол жеткізбеді. 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған жекпе-жек келесі жылға ауыстырылады деп жоспарланған.