COVID-19

Шымкентте 5 мыңға жуық адам "Pfizer-BioNTech" вакцинасын салдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды  (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020  адам вакцинаның екі компонентін алды. 

Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу басталды. Вакцинаның 1-ші компоненті 4 973 адамға егілді.

Айта кетейік, коронавируспен күреске тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған. Қаланың медициналық ұйымдарында ковид індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.