Hi-Tech

Дронның сіз білмейтін 4

Алдымен дрон дегеніміз не?Қандай сөзден шыққан?Және оның атқаратын қызметі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біреулер дрондарды серуендеуге немесе есте қаларлық оқиғаларды суретке түсіру үшін пайдаланады, бірақ шын мәнінде дронның атқаратын қызметі көп. Бұл ұшатын құрылғылар әлдеқайда үлкен мүмкіндіктерге ие – олар интернетті таратуға, өнімдер мен дәрі-дәрмектерді жеткізуге және бақылауға көмектеседі. Олардың арқасында тіпті жаңа спорт түрі пайда болды. Дрондар– қазіргі заман жетістігі. Сондықтан бұл гаджеттер туралы бірнеше қызықты ақпараттарға тоқталайық.

Алдымен дрон дегеніміз не? Қандай сөзден шыққан және оның атқаратын қызметі деген сұрақтарға жауап іздейік.

«drone» ағылшын тілінен аударғанда- «ұшақ» дегенді білдіреді. Алғаш рет оны 1936 жылы АҚШ теңіз флотының капитаны теңіз ұшақтарына қарсы әскери жаттығу кезінде мобильді нысан ретінде әрекет ететін ұшқышсыз ұшақты яғни дронды қолданған.Жылдан жылға дронның маңызы артуда.

1 Дрон — көмекші              

Сингапурда жұмыс күшінің жетіспеушілігінен мейрамханалар дрон сатып алуға мәжбүр болды. Енді тағамдарды даяшылар емес, ұшатып аппараттар жеткізеді. Сонымен қатар АҚШ-та бірнеше компания заттарды жеткізуге дәл осы дрондарды пайдалануда. «Егер дрондар осы қарқынмен дами берсе болашақта қызмет көрсету саласын бұл аппараттарсыз елестету мүмкін емес болады» дейді мамандар. Айта кететін жайт, 2014 жылы АҚШ-та дрон мейрамхана өткізген іш-шарада бір көрерменнің мұрнын кесіп кеткен.

2 Дрон — агроном

Бүгінгі таңда дрондарды тек қана құрқару саласында емес, ауыл-шаруашылығында да қолдануда. Үлкен егіс алқаптарын суару, тұқым немесе тыңайтқыштар себу үшін адам күші қажет емес. Мұның барлығын заманауи дрондар атқара алады.

3 Дрон — полиция

АҚШ полицейлері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдануда. Түрлі апаттар болған жерлерде немесе іздеу салынған қылмыскерлерді іздеуге дрон таптырмас құрал екен. Оған орнатылған жоғары сапалы камералар түнгі уақытта да бейнебақылау жасай алады.

4 Дрон — құтқарушы

Дронды пайдалану ешкімнің наразылығын тудырмайтын сала болса ол — гуманитарлық көмек көрсету саласы. Түрлі табиғи аппаттар кезінде көмекке зәру жандарды іздестіру, апаттың ауқымын анықтауда дрон таптырмас құрал.

5 Дрон — жедел жәрдем

Голландиялық студенттің ойлап тапқан өнертабысы ерекше. Болашақта ұшқышсыз ұшатын аппараттар — жедел жәрдем қызметін атқарады. Үлкен жол апаты болып, кептеліс туындаған кезде немесе қарапайым көлік жете алмайтын жерге дрон оңай жетіп барады.Бірақ ол адамға қалай көмектесетіні белгісіз.

Сонымен, өздігімен ұшатын аппараттар тек жұртшылықтың көңілін көтеру үшін ғана емес, адамдарға көмек көрсету үшін де керек екен. Технологиялар дамуы геометриялық прогрессиямен өсіп келеді, соның арқасында «дрондардың» жаңа үлгілері жасалуда.