COVID-19

Шымкенттің бас дәрігері ревакцинация жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласының денсаулық басқармасының басшысы Позилов Бақытжан ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Бақытжан Жолдасбекұлы  тіркелген емханасына барып ревакцинация  жасады. Бұл жолы басқарма басшысы отандық   QazVac вакцинасын салдырды. 

Айта кетейік, Шымкентте коронавирусқа қарсы  ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде.  9 ай бұрын инфекцияға  қарсы вакцина алған азаматтар қазір  медициналық ұйымдарда қайта екпе салдырып жатыр. 

Медицина мамандарының сөзінше,  мұнан алдын екі компонентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін  төмендей бастайды. Ал ревакцинация  ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта   қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады.

Сондықтан екпені үшінші кезеңде  жасайтындарға бір ғана дозадан вакцина салынады дейді мамандар. 
Бүгінге дейін қалада ковидке қарчсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін  415  адам салдырды.