Bugin

Шымкенттегі дәрігерлер біліктілігін арттыруда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте медицина мамандарының тәжірибесін арттыру мақсатында, Беларусиядан келген білікті дәрігерлер акушер, гинеколог пен неонотолог дәрігерлерге оқыту сабақтарын жүргізді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты - жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға септігін тигізу.

Беларусь медициналық дипломнан кейінгі білім академиясының неонатология кафедрасының меңгерушісі Устинович Юрий және акушерия және гинекология кафедрасының доценті Грудницкая Елена жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету әдістері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, шеберлік сабақ барсында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде тәжірибелік дағдылар да көрсетілді.