Қоғам

Автотұраққа тек қоғамдық көліктер мен брендттелген таксопарк көліктері қойылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желтоқсан айының басында Шымкент қалалық халықаралық әуежайда 485 орындық   жаңа автотұрақ қолданысқа берілген болатын. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Автотұрақ аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлігіне 8, қызметтік көліктерге 9 арнайы орын қарастырылған. Көлік тұрағына арнайы жарықшамдар орнатылып, бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған.  

Ескі автотұраққа тек қоғамдық көліктер мен брендттелген таксопарк көліктерін қоюға рұқсат етілген. 

Тұрғындарға Халықаралық әуежай аймағында қойылған белгілерге мұқият болып, жол ережелерін сақтауларын ескертеді. Ережені бұзған жағдайда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қойылған Сергек кешенді бейнебақылау  камералары түсіріп, айыппұл салынады. 

Бұл өз кезегінде әуежай маңында көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді.