Спорт
Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Кеше жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруде барлық мүмкіндікті сәтті пайдаланды.
Отандасымыз жұлқа көтеруде 118 келі, серпе көтеруде 142 келі, қоссайыс қорытындысы бойынша 260 келіні көтеріп, барлық қарсыласын басып озды. Күміс медальді Таиланд, қола жүлдені Болгария спортшысы еншіледі.
Шымкент қаласының спортшысы Арли Чонтей 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді. Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында да жеңімпаз атанды.
Айта кетелік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 17 желтоқсанға дейін жалғасады.