Bugin

Жаңа жылдан бастап жұмыс аптасы қысқарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Араб Әмірлігіндегі мемлекеттік мекемелер 1 қаңтардан бастап төрт жарым күндік жұмыс аптасына ауысады. Яғни тұрғындар жұманың екінші жартысынан бастап жексенбі аяқталғанға дейін демалады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ел билігінің ойынша, мұндай шешім еңбек өнімділігіне оң ықпалын тигізіп, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті жақсартпақ.

- "Аптаның демалыс күндері жарты күнге созылады. Демалыс күндері болып сенбі және жексенбі, жұманың бірінші жартысы бекітілді. Жұма күнгі ресми жұмыс уақыты – 4,5 сағат, яғни 7:30-дан 12-ге дейін", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

БАӘ билігі жұма намазы бір уақытта өтетінін, жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен басталатынын мәлімдеді.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұма күні қашықтан жұмыс істей алады.